KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, З
499.22 519.14 5.64

Алғыс айту күні: Өскеменде «Желтоқсан алауы» мемориалына гүл шоқтары қойылды

Бүгін, 17:30 51 Төлеуғазы Жансая

Бұл шара Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтарға деген терең құрмет пен алғыстың символына айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Желтоқсан алауы» мемориалы – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске салатын маңызды орын. Ол кезде қазақ жастары өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін алаңға шыққан еді.

Салтанатты рәсімге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, Достық үйінің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

– Алғыс айту күні – бірлік, ынтымақтастық және өзара көмектің маңыздылығын еске салатын ерекше мереке. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында күрескен жандарға терең ризашылығымызды білдіреміз, – деді ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Бурахан.

Жиналғандар Желтоқсан қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориал түбіне гүл шоқтарын қойды.

Ержан Әбіш

Фото: Жәнібек Ырысбай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу