Өскеменде желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті
Өскеменде Тәуелсіздікке тағзым етіп, "Желтоқсан алауына" гүл шоқтарын қойды.
Бүгін Өскемен жұрты Тәуелсіздік күні мерекесіне орай желтоқсаншылардың рухына арналған "Желтоқсан алауы" мүсіндік композицияның алдына жиналды. Олар желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сонымен қатар Алматыдан арнайы келген желтоқсаншылар да сөз алып, жиналған жұрттың алдында рухты жыр оқып, елді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Айта кетейік, облыс орталығындағы "Желтоқсан алауы” мүсіндік композициясы өткен жылы қойылған болатын. Желтоқсан құрбандарының құрметіне қойылған мүсіннің биіктігі - 5 метр. Сондай-ақ сол көшеге "Желтоқсан" атауы берілді.