ШҚО гимнасттары ҚР VI жастар ойындарында үздік үштікке енді

Фото: ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Шымкент қаласында өткен көркем гимнастикадан ҚР VI Жастар ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жарысты лайықты нәтижемен аяқтады. Осылайша, олар жалпыкомандалық есепте үздік үштікке еніп, Жастар ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, ҚР Жастар ойындары – төрт жылда бір рет спорттың 34 түрінен өтетін кешенді жарыс. Бұл сайыс жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.