KZ
Өскемен
-4°
небольшой снегопад жел 6 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

Өскеменде Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше шара өтті

7.03.2025, 10:00 783 Гульжан Мусина

А.С. Пушкин атындағы кітапханада 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне және «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты шара ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда әйелдер барлық салада табысты еңбек етіп, түрлі кәсіпте биік белестерді бағындыруда. Бүгінгі заманауи әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер, кәсіпкер секілді сан алуан қырларымен ерекшеленеді. Олар отбасын ұйытып қана қоймай, еңбек нарығында да өз орнын тауып, жетістікке жетуде.

Шара аясында қаламыздың түрлі салаларында қызмет атқаратын әйелдер – «Ісмер қыз», «Іскер қыз», «Сәнгер қыз», «Шаштараз қыз», «Бүркітші қыз», «Аңшы қыз», «Әскери қыз», «Аспаз қыз», «Ұстаз қыз», «Тігінші қыз», «Психолог қыз» мамандықтарының иелері кітапхана төрінде бас қосып, дөңгелек үстел форматында пікір алмасты.

Кездесудің басты мақсаты – әрбір мамандықтың қоғамдағы маңызын атап өтіп, қазақ қыздарының еңбекқорлығы мен қайсарлығын дәріптеу. Кез келген салада табысты қызмет етіп жүрген арулардың жетістігін насихаттау арқылы нәзікжандылардың беделін көтеру көзделді.

Шара барысында қатысушылар ізгі тілектерін арнап, әсем әндерін шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жылы жүздесу мен шынайы сұхбатқа толы кеш келген қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу