KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

8.03.2023, 09:00 465 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін - Халықаралық әйелдер мерекесі.

Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мейрамға бір ғасырдан аса уақыт өтті. 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. Кейін көп елдерде бұл күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылдың 8 наурызынан бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады. Қазіргі таңда ол әлемнің 20-дан аса елінде ресми мерекелердің тізімінде.

Ал Қазақстанда аталып өтетін бұл мереке ерекше маңызға ие. Себебі қазақ халқы қашанда қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Әйел күннің шуағынан жаралған» деп дәріптеген. Әйел адам әр кезде ер азаматтың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болып танылған. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел затына қандай теңеу айтса да артық емес. Қазір әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.

Құрметті ханымдар мен арулар, 8 наурыз мерекесі құтты болсын!  Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін!


Ізгі тілекпен «Altaynews.kz» ұжымы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу