Өскеменде Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылады
9 наурыз күні сағат 10:00-де Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мектеп бағыттары:
Айтыс өнері: Жас ақындарды суырыпсалмалыққа, жыр мақамдарына баулу.
Жазба поэзия: Өлең құрылымын меңгеру, көркемдік шеберлікті дамыту.
Шешендік өнер: Сөз саптау, сахна мәдениеті, мәнерлеп оқу дағдылары.
– Ақындар мектебі өңіріміздің белгілі айтыскер ақыны, халық жадында есімі сақталған Ақтан Нұрбаевтың құрметіне орай аталып отыр. Бұл игі шараға Алашқа танымал тұлғалар, оның ішінде қазақ айтысының жанашыры, абыз ақын Жүрсін Ерман бастаған ел ағалары, ақын-жазушылар қатыспақ.
Мектептің ашылуы биылғы жылдың айтулы оқиғалары – көрнекті қаламгерлер Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлының мерейтойларына арналған шаралардың бастамасы болмақ, – дейді А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана өкілдері.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана
Күні: 9 наурыз, 10:00.
Оқи отырыңыз