KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, З
488.53 531.91 5.68

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге Өскеменнен әскери техника жөнелтіледі

Кеше, 13:00 144 Әбішев Ержан

Биыл 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Аталған шараға қатысу үшін Өскемен гарнизонынан әскери техника жөнелтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Әскери техниканы көшіру 11 наурызға жоспарланған – Ахмер ауылынан Глубокое ауданындағы теміржол көлігіне дейін, ал 11 мамырда техника Өскемен гарнизонына қайта оралады. Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушыларынан әскери техниканың қозғалысына қатысты жалған ақпарат пен бейнематериалдарды таратпауды, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз, – деп мәлімдеді Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу