KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 5 м/с, З
488.53 531.91 5.68

Шығыста медициналық инновациялық кластер құру бойынша жұмыс жүргізілуде 

Кеше, 12:20 144 Гульжан Мусина

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде медициналық инновациялық кластер құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ЖОО ректоры Сәуле Рахметуллина мәлімдеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

Ол Шығыс Қазақстан облысы металлургиялық аймақ екенін және жергілікті шикізатты пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндірісті құру маңызды міндеттердің бірі екенін айтты.

- Бүгінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да зерттеулерді, әзірлемелерді және өндірісті қамтитын медициналық инновациялық кластерді құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Био-үйлесімділік қасиеттері жақсартылған травматология, ортопедия саласындағы имплантаттар; имплантацияға арналған өнімділігі жақсартылған медициналық құралдар; онкологиялық аурулар кезінде протездеу үшін дербестендірілген имплантаттар жасау қолға алынған. Бұл жұмыстар облыстағы медициналық зерттеу орталықтары және кәсіпорындарымен бірлесіп жүргізілуде, — деп түсіндірді Сәуле Рахметуллина.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу