ШҚО-да қарлы боран салдарынан 300-ден астам көлік қиын жағдайда қалды
Шығыс Қазақстан облысы тағы да қолайсыз ауа райының ықпалында қалды. Қарлы боран салдарынан көріну қашықтығы күрт төмендеп, желдің күшеюі өңірдегі негізгі тасжолдарда үлкен қиындықтар туғызды. «Өскемен–Алтай», «Өскемен–Алматы», «Өскемен–Самар» және «Өскемен–Шемонаиха» бағыттарында 300-ден астам көлік күрделі жағдайға тап болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полиция жедел шаралар қабылдады. Патрульдік полиция батальоны жолдарды тәулік бойы патрульдеуді ұйымдастырып, 250-ден астам көлікті қауіпсіз жерге жеткізуге көмектесті. Жүргізушілерге нақты нұсқаулар беріліп, жағдайдың ушығуына байланысты кейбір көліктердің кері қайтуына бағыттау жұмыстары жүргізілді.