KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, З
488.53 531.91 5.68

Өскеменде студенттік Ассамблея ойындары басталды (Видео)

Кеше, 15:30 131 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде спорттық және зияткерлік бағыттарды қамтитын Үлкен студенттік Ассамблея ойындарының ашылуы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Екі апта бұрын Өскеменде үш жоғары оқу орны мен төрт орта білім беру мекемесінің базасында студенттік Ассамблеялар ашылған болатын. Солардың алғашқы ауқымды шарасы ретінде біз осы Үлкен студенттік Ассамблея ойындарын өткізуді жөн көрдік. Бұл ойындар екі бағытты қамтиды: спорттық және зияткерлік сайыстар, – деді Шығыс Қазақстан облысы «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі әрі Үлкен Ассамблеялық студенттік ойындардың ұйымдастырушысы Равиль Юнусов.

Аталған ойындар аясында командалар түрлі спорт түрлері бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тарихына байланысты зияткерлік ойындар бойынша бақ сынайды. Жалпы, жаңадан құрылған студенттік Ассамблеялардың барлығы қатысуға өтінім берген. Қатысушылардың жалпы саны – 200-ден аса адам.

– Спорттық сайыстарға қатысушылар жақсы дайындықпен келді деп ойлаймын. Ал зияткерлік ойындарда тең жағдай жасау үшін біз жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясы бағытына байланысты сұрақтарға алдын ала дайындалу үшін Достық үйіне келуге мүмкіндік бердік. Қуаныштысы – бұл жарыстарға Қазақстан халқы Ассамблеясының өзінен бір команда – «Ассамблея жастары» жастар қозғалысы қатысып жатыр, – деп қосты Равиль Юнусов.

Ұйымдастырушылар бұл бастама негізінде биыл алғашқы ауқымды республикалық жарыстар өтеді деген үмітте.

Фото: Жібек Нұрахмет
Видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу