KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 11 м/с, В
495.95 535.28 5.54

ШҚО-да Студенттік Ассамблея ойындары өтеді

Фото: Жасанды интеллект

Бүгін, 17:00 55 Әбішев Ержан

11-15 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Үлкен Студенттік Ассамблея ойындары» өтеді. Бұл шара белсенді студенттерді спорттық және интеллектуалдық сайыстарда біріктіріп, жастар арасында мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, командалық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараны Ассамблея Жастары «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен ұйымдастырады.
Жарыс бағдарламасы бес күнге созылмақ.

11 наурыз – Салтанатты ашылу (10:00-11:00). Іс-шара Ту көтеру және Әнұран орындаудан басталады. Ассамблея Жастарының өкілдері қатысушыларды қарсы алып, одан кейін командалардың шеруі мен жарыс бағдарламасының презентациясы өтеді. Осы күні (17:00-18:00) Олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебінде жүзуден жарыстар өтеді. Өтетін орны: Шәкәрім даңғылы, 1/2.

12 наурыз (17:00-18:30) – Этногейм. Достық үйінің коворкинг-орталығында бес адамнан құралған командалар Қазақстан халқының дәстүрлері, мәдениеті мен тарихы туралы білімдерін көрсетеді. Өтетін орны: Назарбаев даңғылы, 68.

13 наурыз (16:00-18:30) – Футзал жарыстары. Қызықты матчтар студенттер арасындағы ең мықты командаларды анықтайды. Өтетін орны: Серікбаев көшесі, 37.

14 наурыз – Интеллектуалдық сайыстар: «Этноквиз» (14:00-15:30) – Қазақстанның этностық алуандығы туралы білімге негізделген төрт раундтан тұратын ойын. Өтетін орны: Назарбаев даңғылы, 68.

Волейбол жарыстары (17:00-18:30) Қазақстан-Америка еркін университетінің спорт залында өтеді. Өтетін орны: Шәкәрім даңғылы, 160.

15 наурыз (10:00-11:00) – Салтанатты жабылу және жеңімпаздарды марапаттау. Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында өтеді. Жарыстардың үздіктері медаль, алғыс хат және кубоктармен марапатталады.

«Үлкен Студенттік Ассамблея ойындары» – бұл тек жарыстар ғана емес, сонымен қатар жастарға достықты нығайту, дүниетанымдарын кеңейту және өз таланттарын көрсету мүмкіндігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу