ШҚО-да жеті студенттік ассамблея ашылды (видео)
Аймақтағы студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне тарту, ел жастарының өзіндік тұлғасын қалыптастыру және олардың бастамаларын қолдау мақсатында облыстағы үш жоғары оқу орны мен төрт колледжде «БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеялары ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ассамблеяларды ашу аясында Өскемендік студенттер Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі зертханаларға экскурсия жасап, ондағы технологиялық жетістіктермен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен студенттік ассамблеяның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, аймақтың белсенді жастарымен және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті. Кездесу барысында ұйым төрағасы студенттерге студенттік ассамблея жастарының қызметі туралы баяндады.
«БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеяларының ашылуы аясында «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ассамблея қатарына қабылданған жастарға куәліктер табысталды.
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Евгений Щетников