KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
488.53 531.91 5.68

Көктемгі мұз – алдамшы әрі аса қауіпті

Кеше, 17:00 153 Төлеуғазы Жансая

Көктем келісімен өзен-көлдердің мұзы ери бастайды. Күн шуағы, жылымық жел мен температураның күрт өзгеруі мұзды әлсіретіп, оның үстімен жүруді аса қауіпті етеді. Көп жағдайда мұз берік болып көрінгенімен, бірер метр жерден кейін жұқарып, астында бос кеңістіктер пайда болып, опырылып түсуі мүмкін. Бұл – көктемгі мұздың басты қатері, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары атап өткендей, әсіресе қауіпті аумақтарға өзендердің сағалары, жағалауға жақын жерлер, қамысты тұстар мен бұлақ көздері ағып жатқан аймақтар жатады.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі. Мұзға шығатын болсаңыз, өзіңізбен бірге міндетті түрде ысқырық, құтқару кеудешесі, арнайы шильц, диаметрі кемінде 11 мм, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, сондай-ақ ұзындығы 2 метрлік таяқ болуға тиіс. Бұл құралдар төтенше жағдайда өміріңізді сақтап қалуға көмектеседі.
Егер мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз. Мұздың жиегіне қарай созылып, кезекпен аяқтарыңызды шығарып, толық шыққанша еңбектеп немесе домалап қозғалыңыз. Ал егер мұз астына басқа адам түсіп кетсе, оған етпетіңізден жатып, ұзын таяқ, арқан, белдік немесе шарф арқылы көмек көрсету қажет, делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 620-дан астам рейд жүргізілген. Құтқарушылар еріктілермен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға нұсқаулықтар өткізуде. Өкінішке қарай, қауіпсіздік талаптарын елемеген 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көктемгі мұз – қауіпті. Өміріңізді қатерге тікпеңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу