ШҚО құтқарушылары ескертеді: көктемгі мұз өте қауіпті
Жыл сайын мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өліміне әкеліп жатады. Көбіне мұндай жағдайға әуесқой балықшылар мен көктемгі еріп жатқан мұзға көлікпен шығуға тәуекел еткен жүргізушілер тап болады.
Осыған байланысты ШҚО ТЖД құтқарушылары облыстық спорттық балық аулау кубогына қатысушыларға қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, наурыз айындағы мұз аса қауіпті.
Көктемгі кезең баршамыздан тәртіпті, мұқият болуды және мұз бен судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Көктем мезгілінде су айдындарын кесіп өтуге қатаң тыйым салынады.
Фото: ШҚО ТЖД