KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ШҚО құтқарушылары балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салды

Фото: dzen.ru

2.02.2024, 23:00 206

ШҚО ТЖД мамандары еріктілермен және полицейлермен бірлесіп 260-тан астам рейдтік іс-шара өткізді. Су айдындарында 64 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Өзен сулары кейде біркелкі емес қатады. Мәселен, алдымен жағалауы, таяз жағы, тек содан кейін ғана ортасын мұз басады.

 
- Бір өзеннің өзінде қалыңдығы бірдей болса да беріктігі мен жүк көтергіштігі әртүрлі мұз айдыны болады. Өзендер мен су қоймаларында мұз толық қатпайынша, ол адамдарға қауіп төндіреді. Тәуекел топтарына, ең алдымен, балалар, мұзда балық аулайтындар және жол қысқартқысы келетіндер жатады, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Төтенше жағдайлар департаменті автокөлікпен мұзға шығу тіпті қатал қыста да әрдайым қауіпті екендігін ескертеді.

 

Өзен-көлдер автомобиль жолы емес, ол автомобильдердің қозғалысына арналмаған. Бұл жағдайда ресми мұз өткелі (Күршім ауданы «Қызыл ту» өткелі) жұмыс істейді.

 

Балықшылар «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес, қалыңдығы 25 сантиметрден аз мұзға шыққан кезде өзімен бірге ысқырық, құтқару кеудешесі, құтқару шильці, арқан, таяқ, су өткізбейтін пакетте ұялы телефон болуы керек екенін есте ұстауы керек.

 

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.

 

                                                                       

Айжанат Бақытқызы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу