KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 1 м/с, С
499.04 544.45 5.96

Елімізге танымал «Патруль» сериалының басты актері Ұлттық ұлан сапына қосылды

Бүгін, 16:15 76 Гульжан Мусина

Отандық «Патруль» сериалында басты рөлді сомдаған актер Білімжан Тұрсынов Ұлттық ұлан сапына қосылды. Қазіргі уақытта ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жетінші маусымы Семей қаласында түсірілген атышулы сериалдың белді актеріне отандық режиссерлер киноға түсуге ұсыныс жасаған. Алайда Білімжан алдымен мерзімді әскери қызметті өтеуді жөн санаған.

– Ұлттық ұлан сапына қосылғаныма қуаныштымын. Әскери бөлімде өнердегі жолдастарымды да кездестірдім. Қазір жауынгерлік жасақ құрамында Өскемен қаласының қауіпсіздігін күзетемін. Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеу – мен үшін басты міндет. Ал өнерге оралуға әлі де кеш емес. Жалпы, өзіме комедия жанрындағы фильмдерге түскен ұнайды, – дейді қатардағы жауынгер.

Білімжан әскерге дейін Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында актер болып қызмет атқарған. Ол «Сотанайдың соңғы үйленуі», «Әйел махаббаты» секілді спектакльдерде өнер көрсеткен. Голливуд жұлдызы, әйгілі актер Джонни Деппті үлгі тұтатын жас талант болашақта қазақ театры мен кино өнерінің жарық жұлдызы болуды мақсат тұтады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу