KZ
Өскемен
-1°
дымка жел 1 м/с, В
496.41 542.77 6.05

Алтай ауданы әкімдігі қызметкерлері ұлттық дәстүрді ұлықтауда

Бүгін, 11:40 122 Гульжан Мусина

Алтай ауданының мемлекеттік қызметкерлері Наурыз мерекесін ұлттық дәстүрге сай атап өтіп жатыр. Мерекелік іс-шаралар 14 наурыз – Көрісу күнінен басталды. Аудан әкімдігінде 120-дан астам мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Бұл күні олар барлығы ұлттық киім киіп, бір-бірін көктемнің келуімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 Наурыз мейрамының алдын ала дайындық аптасы басталды. 14 наурыз халық арасында Көрісу күні деп аталып, адамдар бір-біріне қонаққа барып, жылы лебіздерін білдіреді. Бұл күні әкімдік қызметкерлері де өзара құттықтап, жақсы тілектер айтты.

– Біз де әкімдікте 14 наурыздан бастап Наурыз мейрамын атап өтеміз. Барлығымыз ұлттық киімдер – әсем камзолдар мен шапандар киіп жүреміз. Алғашқы жылдары бұл челлендж ретінде басталған еді, қазір бұл жақсы дәстүрге айналды. Қызметкерлер өздері-ақ ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды, – деді Алтай ауданы әкімдігінің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Валерия Лаптева.

Ауданның мемлекеттік қызметкерлері Наурыз мейрамына арналған челленджге белсене қатысуда. Бастапқыда бұл бастама жаңа әрі қызықты үрдіс ретінде қабылданса, бүгінде дәстүрге айналып отыр.

– Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жыл сайын челлендж ұйымдастырып, ұлттық киімдер киеміз. Бұл өте әдемі және күнделікті жұмыстан сәл де болса алыстатып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Ұлттық киімдер адамдарды біріктіреді, – деп бөлісті Алтай ауданы әкімдігінің заң бөлімінің басшысы Дмитрий Козлов.

Мемлекеттік қызметкерлер дәстүрлі киім үлгісін сақтай отырып, ресми стильді де жоғалтқан жоқ. Камзол мен жилеттердегі ұлттық ою-өрнектер, металл ілгектер – мерекелік сәннің бір бөлігі. Бұл аптада олар өзге де мерекелік іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

 Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова ұлттық нақыштағы киім кию дәстүрге айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер осылайша ұлттық мәдениетке құрмет көрсетіп, Наурыз мейрамының қарсаңында мерекелік атмосфера қалыптастырады. Челленджге мыңнан астам бюджет саласының қызметкері қатысып жатыр. Бұл игі шара наурыз айының соңына дейін жалғасады.

Фото: Алтай ауданы әкімдігінен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу