KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
500.32 545.3 6

ШҚО-да жол бойында санитарлық-гигиеналық тораптар салынбақ

Кеше, 11:30 122 Төлеуғазы Жансая


Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарда төрт мезгілде де қолдануға қолайлы жылы санитарлық-гигиеналық тораптар салу мәселесі қарастырылуда. Қазір өңір аумағында үш санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» бағыттарында қосымша төрт торап салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2026 жылдың соңына дейін облыстағы барлық көңіл көншітпейтін жол учаскелері жөнделіп, жақсы техникалық жағдайға келтірілмек.

Тарбағатай ауданындағы Қабанбай ауылының шыға берісінде санитарлық-гигиеналық тораптар жоспарланбаған. Ал Боғас аумағында бірнеше тораптар мен жанармай құю бекеттері бар болғанымен, оған дейінгі аумақта мұндай нысандар мүлдем қарастырылмаған. Былтырғы жобада бұл бағытта торап салу жоспарда болған, алайда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов жобаны қайта қарастыратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Осинов өткеліндегі жол қозғалысын жөндеу мәселесі де көтерілді. «Казсервис» компаниясы басшылығы ауа райы түзеліп, күн жылынған соң жөндеу жұмыстарын бірден бастайтынын жеткізді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобалық-сметалық құжаттарды бастамас бұрын аудан әкімдерімен кеңесу қажеттігін атап өтті:

– Әр әкім өз аймағын жақсы біледі. Қай жерде тораптар қою ыңғайлы болатынын, халық қай жерде жиі тоқтайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, мал өткізу пункттері мал жүретін өтпе жол негізгі жолдарға орналастырылуы тиіс. Су өткізу құрылыстарының диаметрін кеңейту мәселесін де әкімдерден артық ешкім білмейді. Сондықтан бұл жұмыстарда бірлесіп әрекет ету маңызды. Егер бірге жұмыс жасасақ, нәтиже болады, – деді аймақ басшысы.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу