"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолында санитарлық-гигиеналық кешендер ашылды
t.me/qazavtojol
Республикалық автожолдардың бойында жаңа санитарлық-гигиеналық кешендер ашылуда.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол бойындағы сервисті дамыту көздейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Бүгінгі күні "Балқаш-Бұрылбайтал" тас жолының 1908, 1912, 1954, 2081-ші шақырымдары аралығында және "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолының 323, 387, 472, 509-шы шақырымында жаңадан соғылған санитарлық-гигиеналық кешендер ашылды. Осы нысандарды жергілікті тұрғындар жалға алып, шағын сауда орындарын ашып, жол пайдаланушыларға қызмет көрсетуде, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы. - Санитарлық-гигиеналық кешендерді таза ұстап, қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастауларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз
Талдықорған-Өскемен жолындағы жұмыстар қашан аяқталады?Қазақстанда көңілге қонымды сападағы жол салынады - Даниал Ахметов«Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» тас жолының толық аяқталу мерзімі айтылдыМобильді топтар ертеңнен бастап қатаң бақылауға көшеді – Өскемен«Жаңа форматта, санитарлық таза» – Қазақстан жолдарында салынатын әжетханалар