KZ
Өскемен
ясно жел 1 м/с, СШ
502.83 545.37 5.95

Алтай аудандық ауруханасының стационарында жөндеу жұмыстары аяқталды

Кеше, 15:30 132 Төлеуғазы Жансая

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық ауруханасының көппрофильді стационарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны шамамен 680 миллион теңгені құрады. Бұл жұмыстар травматология, хирургия, кардиология, анестезиология және реаниматология бөлімшелерін қамтыды. Сондай-ақ, ғимараттың шатырын жөндеуге 71 миллион теңге бөлінді. Барлық жөндеу жұмыстары ұлттық жоба аясында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, емдеу процесі тоқтатылмады. Жұмыстар барысында ғимараттың жылыту, су құбырлары мен электр жүйелері толығымен жаңартылып, жаңа санитарлық техника орнатылды.

– Стационар ғимараты 1964 жылы салынған, осы уақытқа дейін тек косметикалық жөндеу жүргізілген болатын. Қазір кабинеттер мен палаталар жарық әрі жайлы болды. Емделушілердің де көңіл-күйлері жақсы, – дейді аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бекжан Ғалиев.

Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі айтарлықтай артты. Қазіргі заманғы санитарлық-техникалық жабдықтар мен жаңартылған бөлімшелер аурухана қызметінің тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу