KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Алтай ауданаралық ауруханасы заманауи медициналық мекемеге айналмақ

instagram/altai_audanynyn_akimdigi

30.06.2024, 19:00 117 Назерке Каримова

Биыл ауруханаға күрделі жөндеу жүргізуге 680 миллион теңге бөлінген.

Алтай аудандық әкімдігі осы қаражатқа 1964 жылы салынған ғимараттың екі қабатын заманауи үлгідегі медициналық мекемеге айналдыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп  хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

- Өткен жылы аурухананың стационарлық бөлімшесінің 2-ші және 3-ші қабаттары жөндеу бойынша жоба дайындалды. 12 мамырдан бастап бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу процесі клиенттерді қабылдауға кедергі келтірмейді, - деп хабарлады жергілікті әкімдіктегілер.


Мердігер ұйым қабырғалары, төбесі мен терезелерін қалдырып, бөлшектеу жұмыстарын аяқтады қалды. Электромонтерлер қазір электр жарығы мен коммуникация тартып жатыр.

- Екі операциялық бөлменің орнына үшінші қабатта орналасатын үш операциялық блок болады. Жансақтау бөлімінде бір үлкен бөлме болады. Барлық операциялық бөлмелерде, таңу және емдеу бөлмелерінде қабырғалар арнайы медициналық панельдермен қапталады. Сондай-ақ бейнежүйе, өртке қарсы жүйе және интернет орнатылады. Мердігер ұйымның жұмысы аурухананың құрылыс инженерінің үнемі қадағалауында. Жөндеу жұмыстарының жалпы мерзімі 6 айды құрайды, - деді әкімдіктегілер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив