KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, СШ
502.83 545.37 5.95

Ұлттық спорт күні: Өскемендік оқушылар арасында турнир өтті

Кеше, 13:30 105 Әбішев Ержан

Бүгін – Ұлттық спорт күні. Осы күн аясында Пушкин атындағы облыстық кітапханада тоғыз жасар жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жекелей біріншілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Турнирдің басты мақсаты тоғызқұмалақты кеңінен насихаттап, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және облыстық, республикалық жарыстарға үміткерлерді іріктеу болды.
Дәстүрлі зияткерлік сайысқа Өскемен қаласындағы мектептердің оқушылары қатысып, Тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен ережелерге сай өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесідей анықталды:
I орын 
– Жакашев Батырқан (№50 мектеп)
– Елдосқызы Райана (№14 мектеп)
II орын
– Жанабыл Сұлтанәлі (№45 мектеп)
– Нұрғабден Нұрай (№35 мектеп)
III орын
– Жанабыл Асанәлі (№45 мектеп)
– Серікбеков Әли (№24 мектеп)
– Төлеуова Аружан (№24 мектеп)
– Сайлаубаева Адель (№24 мектеп)
Жеңімпаздар арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды. Ал жарысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс хаттар табысталды.
Ұлттық ойындарды ұлықтаған бұл турнир балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың туған халқымыздың рухани мұрасын терең түсініп, құрметтеуіне жол ашты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу