KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, СБ
502.83 545.37 5.95

Цифрлық Қазақстан: Жоғарғы Тайынты ауылы мобильді интернетке қосылды

Кеше, 11:50 100 Төлеуғазы Жансая

Ұлан ауданына қарасты Жоғарғы Тайынтыауылында 3/4G стандарты бойынша мобильді интернетті қосу жұмыстары аяқталды. «Beeline» брендімен қызмет көрсететін «Кар Тел» ЖШС байланыс операторының базалық станциясын орнату өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Биіктігі 40 метрлік байланыс антеннасын орнату және электр беру желісін тарту жұмыстары 2024 жылдың желтоқсанында аяқталған еді. Бұл жоба ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы мен Ұлан ауданы әкімдігі және байланыс операторлары арасындағы ынтымақтастықтың арқасында жүзеге асты. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды, бұл жергілікті тұрғындарға сапалы байланыс пен мобильді интернетке қолжетімділікті айтарлықтай жақсартты.  

Аталған жоба Наурыз мерекесі қарсаңында жүзеге асқандықтан, оның өңір тұрғындары үшін маңызы ерекше. Жоғарғы Тайынты ауылында мобильді интернеттің қосылуы жергілікті халықтың өмір сапасын арттырып, байланыс мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ білім беру мен медицина қызметтеріне қолжетімділікті жақсартып, цифрлық сауаттылық деңгейін көтеруге ықпал етеді.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу