KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жыл басынан бері ШҚО-да жеті шалғай ауыл интернетке қосылды

23.01.2024, 13:21 97

Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының ақпараты бойынша, 363 елді мекеннің 179-да мобильді интернет бар, оның ішінде жеті ауыл осы жылдың басынан бастап қосылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мобильді кең жолақты интернетке енді Бутаково (Риддер), Үлкен Қаратал (Зайсан ауданы), Көкжота, Бастаушы, Қаракөл (Самар ауданы), Ново-Одесское (Ұлан ауданы) және Ново-Ильинка (Шемонаиха ауданы) ауылдарының тұрғындары қол жеткізе алады.

«2024 жылы облыстық бюджет есебінен 13 елді мекенде 12 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланып отыр (Зайсан ауданы - Жаңатұрмыс, Шілікті, Жалшы ауылдары; Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылы; Алтай ауданы Быково ауылы; Күршім ауданы - Жолнұсқау, Үшбұлақ, Қаратоғай, Егіндібұлақ ауылдары; Катонқарағай ауданы Топқайың ауылы; Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылы; Шемонаиха ауданы  Большая речка және Медведка ауылдары). Оның ішінде төрт елді мекенде «Кар-Тел» ЖШС базалық станциясы орнатылады (Зайсан ауданының Шілікті ауылы, Күршім ауданының Қаратоғай ауылы, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылы, Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылы), - деп хабарлады ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Глубокое ауданының Зимовье ауылында антенна-діңгек құрылыстарының бірі салынды. Байланыс операторы «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС жабдықты 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін жеткізуі тиіс.

                                                                  Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив