KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев: “2 жыл ішінде интернетпен қамтуды аяқтау міндет етіп қойылған”

9.12.2024, 13:20 241 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстандағы шалғай елді мекендердегі интернетке қолжетімділік мәселесін шешу жұмыстары қолға алынуда. Осы мақсатта биыл 45 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілген (9 елді мекенде «KazSat» геостационарлық спутниктерінің Wi-Fi қолжетімділік нүктелері орнатылып, іске қосылды, радиусы 50 м, жылдамдығы 10 МБИТ/с дейін). Бұл туралы брифинг барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті. 

“Жыл соңына дейін тағы 13 жобаны аяқтау жоспарланған. Олардың алтауында «Кар-Тел» және «Starlink» компанияларымен (Марқакөл ауданы, Урунхайка ауылы; Катонқарағай ауданы, Рахманов кілті, Үлкен Нарын ауданы, Сенное ауылы және т.б.). Сондай-ақ 16 елді мекенде мобильді интернетті қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен 18 антенна-діңгекті құрылыстарды (АДҚ) орнату жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 4 салынған АДҚ бойынша байланыс операторларынан қажетті жабдықтар орнату күтілуде (Глубокое ауданының Зимовье ауылы – «Мобайл телеком Сервис» ЖШС жабдықтарын орнату басталды; Ұлан ауданының Жоғарғы Тайынты ауылы, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылы, Шемонаиха ауданының Үлкен өзені - «Кар тел» ЖШС)”,- деді Ермек Беделбайұлы. 

Республикалық жол картасына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан халқы  интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Алайда, өңірде 2 жыл ішінде интернетпен қамтуды аяқтау міндет етіп қойылған (бүгінгі таңда 139 елді мекен интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілмеген).

“344 мектептің тек 40-ы ғана әлсіз интернетпен қалды және 2025 жылы бұл мәселені шешеміз. 161 мектепте «Starlink» спутниктік интернет орнатылған. Ол жақта байланыс өте жақсы”,- деді Ермек Беделбайұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу