Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсан басталды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
1 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде төртінші тоқсан басталды. Бұл оқу жылының соңғы кезеңі 25 мамырға дейін жалғасады және ұзақтығы 8 аптаға созылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Төртінші тоқсан – оқу жылындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Себебі осы уақытта оқушылар жыл бойы алған білімдерін пысықтап, қорытынды бағаларын алады. Әсіресе бітіруші сыныптар үшін бұл кезең ерекше маңызға ие, өйткені олар ұлттық бірыңғай тестілеуге және қорытынды аттестаттауға дайындалады.
Мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда өтеді. Бұл күні оқушылар мен мұғалімдер оқу жылының аяқталуын атап өтеді, ал түлектер мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басады.