ШҚО-да үздік жас робототехниктер мен программистер анықталмақ (видео)
Өскемен қаласында өткен ІТ-Чемпионат «SKILLS FOR GEEKS»-ке Шығыс Қазақстан облысының 13 ауданы мен бес арнайы мектебінен 18 команда қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстың 224 оқушысы робототехника және бағдарламалау бойынша «SKILLS FOR GEEKS» ІТ-Чемпионатына қатысып, өздерінің дағдылары мен білімдерін көрсету үстінде.
Чемпионат ұйымдастырушыларының айтуынша, осы жарыстың басты мақсаты – оқушылардың таланттарын ашу, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Мұнда балалар практикалық тапсырмаларды шешуге, техникамен жұмыс істеуге және нақты кәсіби жағдайларға енуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ бұл шара қатысушылардың қазіргі заманғы технологияларға, инновацияларға және инженерлік мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Фестивальға қатысушы, Алтай қаласынан келген Родион Абдурахманов өз мақсатымен бөлісті:
Жас ІТ мамандарын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қолдап, цифрландырудың ел үшін маңыздылығын атап өтті.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылар осы чемпионат жастар арасында жаңа өнімдер мен қызметтер жасау саласындағы болашақ идеялар мен бастамаларды дамытуға ықпал етеді деп үміттенуде. Сонымен қатар жас өрендер өз болашақ мамандықтарын таңдауда көмек алады деп сенеді.
Дмитрий Чжан
Ержан Әбіш
Фото: Жәнібек Ырысбай
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВнокласснРСвЂВВВВРєРСвЂВВВВ
- Telegram
- Viber