KZ
Өскемен
-41°
туман жел 2 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Өскемендегі Комендантка көпірі алты жолақты болады

4.04.2025, 17:30 412 Төлеуғазы Жансая

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов баспасөз қызметкерлерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алты жолақты Назарбаев даңғылының бойында жалғыз төрт жолақты болып тұрған “үзік” жер – Комендантка көпірі. Қазіргі таңда жүргізушілер осы тұста көлік кептелісіне тап болып, қозғалыс қиындық тудырады.

– Бұл жерде көлік ағыны өте жоғары, сондықтан кептеліс жиі орын алады. Жолды кеңейту мақсатында жоба әзірленіп жатыр. Көпірге қосымша екі жолақ қосамыз. Нәтижесінде, Назарбаев даңғылы толығымен алты жолақты болады. Бұл жоба қаланың көлік логистикасын жақсарту аясында жүзеге асырылады, – деді Алмат Ақышов.

Қазіргі уақытта жоба жоспарлау кезеңінде. Қажетті қаражат көлемі анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады. Жұмыс мерзімі – 8,5 ай.

 

Айдос Мырзахметов

Фото: Даниил Суворов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу