КШТ-ға қарай 4 жолақ, кері бағытта 3 жолақ - Ертістің көпірі іске қосылды
Өскемендегі Ертіс көпірінде тағы бірнеше жолақ іске қосылды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Уk-news. сайтына сілтеме жасап.
– Жұмысшылар аязға қарамастан жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Қазіргі уақытта жол бойындағы қоршауды тартып жатыр. Бірнеше күнде көптен күткен көпірдің ортаңғы бөлігінде жол қозғалысы жанданады. Көлік жүргізушілеріне бірден ескертіп айтқым келеді: Көпірге ЖМК (КШТ) ауданынан келген көліктер, төртжолақты жолға түседі. Ал ЖМК ауданына қарай беттеген көліктер үшжолақты тасжолмен қозғалады, – деді Әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясы бөлімшесінің басшысы Сергей Коваленко.
Бөлімше бастығының айтуынша, дәл қазіргі уақытта қос бағытта төртжолақты жол ашу мүмкін емес. Себебі көпір мен Жібек жол көшесінің арасындағы жол үшжолақты. Яғни көліктер аталмыш көшеге кірген кезде, үлкен кептеліс пайда болуы мүмкін.
– Көпірдің бір бағытының үшжолақты болуы көлік қозғалысын реттей алмайды, рас. Бірақ дәл қазір басқа амал жоқ, – дейді Сергей Коваленко.
Қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдегендей, Жібек жолы көшесінде жол айырығы салынған кейін көпірдің екі жағы да төртжолақты болады.
Жол-техникалық инспекциясы бөлімшесінің басшысының айтуынша, Бәйтерек шеңберіндегі жол қозғалысының ережесінде өзгеріс жоқ.
– Көпір үш жолақты болған кезде, жолақтар бойынша жүруді нұсқайтын белгі тұрды. Кейінірек, Бәйтерек шеңбері төртжолақты болған кезде, аталмыш жол белгісін алып тастадық. Себебі қыста жолдағы жолақ көрінбей шеңберге кез-келген жолақпен келіп кіруге болады. Ал шығар кезде, оң жақ шеткі жолақ арқылы шығу керек, – деп түсіндірді Сергей Коваленко.