«Қазсушар» мекемесінің ШҚО филиалы тасқын кезеңіне дайындалып жатыр

Фото: ШҚО ӨКҚ
«Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл жұмыстар су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, гидротехникалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын сақтауға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Дайындық аясында су қоймалары мен каналдарға қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп, маңызды нысандарды жаңарту бойынша жоспарлар әзірленді. Бұл туралы «Қазсушар» РМК ШҚФ директорының орынбасары Дәулет Жанысов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
Қазіргі уақытта филиал үш су қоймасын, жеті гидроторапты және қырық үш магистралды каналды басқарады. Су тасқынының алғашқы толқыны басталғанымен, жағдай тұрақты. Су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр, ал су деңгейі тәулік бойы бақылауда ұсталады.
Бұдан бөлек, ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 9 магистралды канал механикалық тазартудан өтті, бұл жұмыстар биыл да жалғасады. 2024 жылы ұзындығы 386,9 шақырым болатын үш гидроторап пен 31 магистралды каналдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарттар жасалды.
Материалдық-техникалық базаны жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы инвестициялық бағдарлама аясында бірнеше техника сатып алынды, тағы 18 техника алу жоспарлануда. Бұл ықтимал қауіптерге жедел әрекет ету мен су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Су шаруашылығы нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында барлық су қоймаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Су қоймалардың толтырылуы мен су жіберу туралы ақпарат нақты уақыт режимінде мүдделі органдарға жеткізіледі.
Қорытындылай келе, «Қазсушар» РМК ШҚФ-ның дайындығы облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды және су тасқыны кезеңінде тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылымды сақтауға бағытталған ауқымды шаралар қабылданған.