Қаржылық сауаттылық: ШҚО-да жастарға арналған семинар-тренингтер басталды
Шығыс Қазақстандағы университеттер мен колледждерде қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада аясында семинар-тренингтер өткізіліп жатыр.Іс-шараның басты мақсаты – жастарды қаржылық сауаттылыққа баулу, оларды алаяқтық пен қаржылық қылмыстардан сақтандыру, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада шеңберінде ШҚОЭкономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері 7-11 сәуір аралығында облыстың барлық университеттері мен колледждерінде оқыту семинар-тренингтерін өткізеді. Бұл іс-шараға 15 мыңға жуық студент қатысатын болады.
Семинарлар барысында жастар алаяқтықтың нақты мысалдарын талқылап, практикалық жағдайлар бойынша жұмыс істейді. Олар өз қаражаттарын қорғаудың жолдарын үйреніп, жауапты қаржылық мінез-құлық негіздерін меңгереді.