Алматыда қаржылық қылмыстарға қарсы мамандарды дайындау семинары өтуде
Алматыда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің мамандары үшін арнайы семинар басталды. Бұл шараны ЕАТ Хатшылығы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі және Халықаралық қаржылық мониторинг оқыту орталығымен бірлесе ұйымдастырды.
Семинарға ЕАТ-қа мүше елдер Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан 50-ге жуық маман және MONEYVAL тобының мүшелері Әзірбайжан мен Сербиядан келген сарапшылар қатысуда.
Апта бойы қатысушылар өзара бағалау жүргізудің негізгі критерийлерін талқылайды, ФАТФ ұсынымдарына техникалық сәйкестік пен ұлттық АЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістемесін меңгереді. Сондай-ақ өзара бағалаудың 3-ші раундын өткізуге арналған ЕАТ рәсімдерін зерттейді.
Семинарды сәтті аяқтағаннан кейін қатысушылар өз мемлекеттерінде бағалау жүргізу және әдістемелік қолдау көрсетуде сарапшы ретінде танылып, ЕАТ сарапшылар пулына қосылмақ.
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің Баспасөз қызметі