Фермерлер агротуризммен айналысу құқығына ие болады

pixabay.com
Қазақстанда фермерлерге өздеріне тиесілі жер телімдерінде агротуризммен айналысуға рұқсат етіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, бұл бастама ауыл шаруашылығын қолдау және туризмді дамыту шаралары аясында жүзеге асырылып отыр.
Агротуризм — ауылдық аймақтарда туристерге шаруашылық өмірмен танысуға, табиғат аясында демалуға, ұлттық дәстүрлер мен тағамдарды көруге мүмкіндік беретін бағыт. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл сала шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда да жаңа серпін алуы мүмкін.