KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
524.66 550.21 5.09

2025 жылға қарай Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру 300 млрд теңгеге жетпек

29.10.2024, 14:00 85 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 2025 жылға қарай 300 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 млрд теңгені құрайды, ал елде сатылатын 10 трактор мен комбайнның 9-ы Қазақстанда құрастырылған,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Еламанов ауыл шаруашылығы машиналарын өндіруде 8 кәсіпорынның белсенді жұмыс істейтінін, олар фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Бұған қоса, 20-дан астам кәсіпорын тіркеме және аспалы ауыл шаруашылығы техникасын шығарады, импортқа тәуелділік те жыл сайын азаюда. Келесі жылдан бастап қазақстандық кәсіпорындар астық бункерлерін, комбайн кабиналарын және басқа да маңызды компоненттерді өндіруге бағытталған жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отыр.

Отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау бағдарламасы арқылы шетелдік өндірушілердің Қазақстанда өндірісін локализациялауға қызығушылығы артты. Бұл бастама өндіріс көлемін арттырумен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Болашақта Қазақстанда AMAZONE егу техникасын, ZOOMLION тракторларын, SAMPO комбайндарын құрастыру жоспарланып отыр, бұл елдің ауыл шаруашылығы техникасына деген сұранысын толықтай қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығының дамуына серпін беруге ықпал етпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу