KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, С
515.03 584.82 6.24

ШҚО полициясы алғашқы тоқсанды қорытындылады

Фото: ШҚО ПД

10.04.2025, 15:00 203 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде 2025 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір полицейлерінің басты назарында – құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен халық сенімін арттыру. ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Ішкі істер министрі жүктеген міндеттер толық орындалуға тиіс.

– Осы жыл профилактика жылы деп жарияланды және бұл тек формалды шара болмауы керек. Полиция жұмысы «Заң және тәртіп» қағидасы аясында ғана жүзеге асады. Негізгі назар ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ профилактикалық шараларды күшейтуге бағытталған, – деді Ерлан Омарбеков.

Басты басымдықтардың қатарында – кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қарсы қылмыстардың, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Сондай-ақ есірткі қылмысына, кибералаяқтыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес те белсенді жүргізіліп жатыр. Ауылдық жерлерде өзекті болып отырған мал ұрлығының алдын алу мәселесі де жеке қарастырылуда.

Жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Облыс аумағында патрульдеу күшейтіліп, құқықбұзушылықтарды тіркеудің автоматтандырылған жүйелері кеңінен енгізіледі. Олардың қатарында «Мерген» жобасы мен «Кибер Шериф» мобильді кешендері бар. Бұл шаралар өткен жылғы көрсеткіштерді саралай отырып, жол-көлік оқиғаларын азайтуға және құқықбұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Генерал-майор Омарбеков биыл «Заң және тәртіп» қағидасын қоғамда нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілетінін атады.

– Қоғамдық тәртіпті күзетуден бастап халықпен өзара байланысқа дейінгі барлық бағыттарға назар аудару қажет. Тек халықпен тұрақты байланыс, ашық әрі шынайы диалог арқылы ғана біз тыныштық пен қауіпсіз қоғам құруға халықтың саналы түрде қатысуына қол жеткізе аламыз, – деді Ерлан Омарбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу