KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша Полиция департаментінің кеңейтілген кеңесіне қатысты

26.01.2024, 19:34 89

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев полиция жұмысымен танысты, сондай-ақ жедел басқару орталығына, «Киберполға» және департамент мұражайына барды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Кеңес полиция департаментінің мәжіліс залында жалғасты, онда әкім «Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп – мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Сондықтан қоғамның сұраныстарын ескеріп, оларға жедел жауап бере білу маңызды. Нәтижесінде қоғамда құқық бұзушыларға мүлдем төзбеушілік қағидаты қалыптасады» деп атап өтті.

 

ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков баяндамасында отбасылық-тұрмыстық қатынас, есірткі қылмысы саласындағы қылмыстардың, жол қауіпсіздігінің алдын алу және олардың өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Өткен 2023 жылы облыс аумағындағы криминогендік жағдай қылмыстың 12,6%-ға, ауыр қылмыстардың 23,7%-ға және ауырлығы орташа қылмыстардың 13,2%-ға айтарлықтай төмендеуімен сипатталды. Қылмыс құрылымында ең үлкен үлесті алаяқтық (34,2%) және ұрлық (26%) алып отыр. 1715 алаяқтық және 1302 ұрлық тіркелді.

Бүгінгі таңда полицияның басым міндеттерінің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ол зардап шеккен адамдармен әңгімелер, дәрістер мен тренингтер өткізуді, олармен дағдарыс орталықтарында жұмыс істеуді, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, аталған мәселелер бойынша материалдарды БАҚ-та жариялауды қамтиды. 

- Қабылданып жатқан шаралар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмысқа қатысты жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді: 2023 жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстар санының 10,7%-ға, ғяни 84-тен 75-ке дейін төмендеуі байқалды, – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар кеңес барысында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері қаралды.

 

Бірқатар аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары кемшіліктері бойынша тыңдалды.

 

Соңында ПД бастығы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, учаскелік полиция инспекторларының қызметін нығайту және полиция қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив