KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 6 м/с, В
514.94 583.74 6.13

ШҚО полиция департаментінде кадрлық тағайындау жүргізілді

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

11.07.2023, 15:11 398

Шығыс Қазақстан облыстық ПД-ның басшы құрамында кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

Полиция подполковнигі Ринат Зубаиров Үлбі ПБ бастығы, полиция майоры Надир Булатұлы Солжағалау ПБ бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жеке құрамға жаңа басшыларды таныстыра отырып, бірқатар міндеттер қойды.

– Полицияның кадрлық әлеуетін қалыптастыру – қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігіндегі негізгі бағыттардың бірі. Бүгін бұйрық бойынша аумақтық полиция бөлімдеріне екі басшы тағайындалды, оларға Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің барлық тапсырмаларын орындау бойынша жауапкершілік жүктелді, – деді ол.

Ринат Зубаиров ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет етіп келген. Ал Надир Булатұлы ІІО-да 13 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді.

Сонымен қатар Ерлан Омарбеков жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштерін, алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттерді жеткізді.

– Өздеріңіз білетіндей, Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарламалық құжатта қоғамдық қауіпсіздік саласындағы стратегия, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру, профилактиканың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігін белгілеу, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу бекітілетін болады. Біздің міндетіміз – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деді Ерлан Омарбеков.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу