KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
501.02 597.27 6.59

Ресейлік қонақтар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды (видео)

21.04.2025, 16:40 415 Айдос Мырзахметов

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен Алтай өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары – губернатор әкімшілігінің басшысы Виталий Снесарь Өскемендегі «Жеңіс» мемориалдық кешенінде орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы концерттік бағдарламамен өңірге келді.

– Әріптестерімізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – ортақ жеңіс. Біз ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек және оны жас ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет. Аймақта мерейтойға орай түрлі іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі шара – солардың бастауы, – деді Ербол Нұрғалиев.

Оның айтуынша, алдағы күзде ШҚО мәдени ұйымдары Ресей Федерациясына барып, өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл – мәдени байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған қадам.

Фото: Жібек Нұрахмет

Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу