Тарбағатайда да Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды
Сұрапыл соғыс жылдарында қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, бүгінгі күні көзі тірі тыл ардагерлеріне құрмет көрсету үшін 9 мамыр күні Тарбағатай ауданының жұртшылығы мен Ақжар ауылының тұрғындары Ардагерлер алаңына жиналып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұлы Жеңіс күні – бейбітшіліксүйгіш барша адамзаттың мерекесі. Жеңіс күні – бүгінгі жеңімпаз ұрпақтың балалары мен немерелері үшін жарқын да қасиетті мереке.
Аудан әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі мен батылдығы құрметке лайық екенін атап өтті.
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алуға арналған 1 минуттық үнсіздіктен кейін «Достар дауысы» ерлер вокалдық тобының орындауында «Ардагерлер» әні орындалып, аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен мектеп оқушылары мерекелік концерт қойды.