KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
504.49 587.73 6.57

Өскеменде жылу электр орталығы салынады

Фото: depositphotos.com

3.10.2024, 09:25 471 Айна Ескенқызы

Өскемен қаласында жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа жылу электр орталығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынбақ. Жоба жылу қуатының тапшылығын жоюға және қаланы дамыту үшін қажетті резервті құруға мүмкіндік береді. Бүгінде өңірде жылу қуатына деген қажеттілік 1232 Гкал/сағ құрайды.

Сондай-ақ Өскемен қаласында жылу энергиясының тапшылығын төмендету мақсатында 2023 жылғы желтоқсанда «Өскемен жылу желілері» АҚ №2 қазандықты кеңейту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды, бұл жоба жылу көзін сағатына 100 Гкал-ға ұлғайтуға бағытталған.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Энергетика министрлігімен жылу қуаты 130 Гкал/сағ болатын 16-шы қазандық агрегатын салуға инвестициялық келісімге қол қойды, ал «Согра ЖЭО» ЖШС-де қуаты 60 Гкал/сағ болатын төртінші қазандық агрегатын салуға келісім жасасу мәселесі пысықталуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу