KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Өскемендегі ЖЭО-ларда жөндеу жұмыстары басталды

29.05.2024, 10:26 79 Анель Слямғазықызы

Облыс орталығындағы Өскемен және Согра жылу-электр орталықтарында қысқа дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Өскемен ЖЭО-да 5,8 млрд теңгенің, Согра ЖЭО-да 612 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Өскемен жылу желілері» АҚ-да 366 млн теңгеге қазандықтар және олардың жабдықтары жөнделеді, – деді Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Құны 2 млрд теңге болатын 13 км жылу желісін (50 учаске) күрделі жөндеу көзделген. Бюджет қаражаты есебінен 203 млн теңгеге Сәтпаев даңғылы бойындағы сорғы стансасын жаңарту, қосымша екі сорғы орнату жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив