KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 4 м/с, В
513.55 602.09 6.42

ШҚО-да көктемгі уылдырық шашу кезінде балық қорын қорғау шаралары күшейтілді

Фото: ШҚО ПД

29.04.2025, 11:00 313 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі уылдырық шашу маусымына байланысты балық қорын қорғауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

16 сәуір мен 30 мамыр аралығында полиция қызметкерлері, балық қорғау инспекторлары және табиғатты қорғау мекемелері бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Олар су айдындарын патрульдеп, көлік құралдары мен сауда орындарын тексеруде.

«Көктемгі уылдырық шашу кезеңі — балық популяциясын сақтау үшін аса маңызды. Бұл уақытта табиғатқа араласу экожүйеге орны толмас зиян келтіруі мүмкін. Заңды құрметтеу — ортақ табиғатымызды сақтаудың басты кепілі. Болашақ ұрпаққа таза экожүйе қалдыру үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды», — делінген ШҚО ПД ресми хабарламасында.

Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғау — әр азаматтың міндеті екенін ескертеді. Тәртіп бұзғандарға әкімшілік жаза — айыппұл, балық аулау құралдары мен көлік құралдарын тәркілеу, ал табиғатқа залал келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Азаматтарға браконьерлік әрекеттерді байқаған жағдайда «102» нөміріне немесе ең жақын полиция бөліміне хабарлау ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу