KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
515.03 584.82 6.24

Назар аударыңыз: уылдырық шашу кезеңі басталды

pixabay.com

16.04.2025, 11:30 127 Төлеуғазы Жансая

Көктем келіп, табиғат жандана бастайтын шақта су айдындарындағы тіршілік те ерекше белсенділікке көшеді. Бұл – балықтардың уылдырық шашып, көбеюіне ең қолайлы кезең. Сондықтан осы уақытта балық аулауға тыйым салу табиғатты қорғаудың маңызды шарты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, көктемгі уылдырық шашу кезінде су жануарларына қауіп төндірмеу – балық популяциясын сақтау мен көбейтуге үлкен сеп. Балық аулауға шектеу қою Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы мен осы заңға сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асады. Олардың қатарында Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-04/148 бұйрығымен бекітілген «Балық аулау қағидалары» және 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығы ерекше маңызға ие.

Бұл құжаттар елдегі биологиялық әртүрлілікті сақтау және экожүйенің тепе-теңдігін бұзбау мақсатында қабылданған. Тыйым салынған кезеңде рұқсатсыз, бақылаусыз балық аулау браконьерлік әрекет ретінде бағаланып, заң алдында жауапқа тарту қарастырылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ертіс бассейніндегі уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға тыйым салу келесі су айдындарында белгіленді:

  1. Зайсан көлінде және Бұқтырма су қоймасыныңкөл-өзен бөлігінде (Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейін) – 16 сәуірден 30 мамырға дейін;
  2. Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде (бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС-ке дейін) – 1 мамырдан 15 маусымға дейін;
  3. Өскемен су қоймасы мен Ертіс өзені (Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін) – 10 мамырдан 10 маусымға дейін;
  4. Шүлбі су қоймасы мен Ертіс өзені (Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысы шекарасына дейін) – 16 сәуірден 30 мамырға дейін.

Құрметті балықшылар мен табиғат жанашырлары! Сіздерді көктемгі уылдырық шашу кезеңінде заң талаптарын сақтап, табиғи байлыққа ұқыпты қарауға шақырамыз. Бұл келер ұрпаққа табиғатты таза әрі бай қалпында аманаттаудың ең тиімді жолы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу