KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Марқакөлде балық аулауға тыйым салынды

13.05.2020, 20:51 260

1 мамырдан бастап Марқакөл көлінде уылдырық шашу мерзімінің басталуына байланысты балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тыйым салу екі айға созылады – мамыр және маусым айларында. Мамандардың болжамы бойынша, уылдырық шашудың белсенді маусымы шамамен 15 мамырда басталады.

Көлдің жағасына 12 бақылау посттары қойылды. Уылдырық шашу кезінде балықты браконьерлерден қорғау жұмыстарына полиция, прокуратура, табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері тартылады. Бұл мақсатта заманауи техника қолданылады: фототұзақтар, дрондар, жаңа моторлы қайықтар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу