Мемлекеттен қолдау – өндірістен нәтиже: прокуратура мен басқарма зауытқа барды
Өскемен қалалық прокуратурасы мен облыстық кәсіпкерлік басқармасы «Өскемен конденсатор зауытына» арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Бұл зауыт – қаладағы тұрақты жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарының бірі. Мұнда қажетті тауарлар шығарылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың зауытқа барудағы мақсаты – өндірісті көбейтуге, жаңа нарықтарға шығуға және кәсіпорынның бар мүмкіндігін толық пайдалануға көмектесу. Кездесу барысында кәсіпорынды қалай қолдауға болатыны, өнімді сыртқы және ішкі нарыққа қалай жеткізуге болатыны сөз болды.
Сондай-ақ, басқа зауыттармен бірлесіп жұмыс істеу, қағазбастылықты азайту сияқты мәселелер де көтерілді. Мемлекеттік органдар кәсіпорындарға артық кедергісіз жұмыс істеуге жағдай жасау керек екенін атап өтті.