Қайрат Нұртастың қыздары алаяқтарға алданды
Отандық әнші Қайрат Нұртастың қыздары интернеттегі алаяқтарға алданып қалған екен.
Бұл туралы Жұлдыз Абдукаримова «Оян» таңғы хабарында айты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жұлдыз Абдукаримованың айтуынша, жасөспірім қыздары интернеттегі алаяқтарға алданып қалыпты. Оның екі қызы интернет-дүкеннен киімге тапсырыс беріп, ақшасы төленген заттарын ала алмаған. Жұлдызды отбасы алаяқтарға тап болғанын дәлелдей алмады.
Бұл мәселе төңірегінде әлеуметтік желідегі алаяқтыққа қарсы жастар қозғалысының өкілдері өз пікірімен бөлісті. Олардың сөзінше, алаяқтар жалған интернет-дүкендер арқылы жиі алдайды. Мамандар бұл қылмыс түрінен сақтану үшін интернет-дүкеннің мекенжайын мұқият тексеріп, ақша жіберетін банк карточкаларына абай болу керек екенін ескертті. Сондай-ақ жалған интернет-дүкендердің парақшаларында пікір қалдыру бөлімі көп жағдайда жабық болатынына назар аудартты.
Хабар барысында мамандар алаяқтарға алданып қалмаудың ең оңай тәсілдерін айтты. Қоғамға пайдалы іспен айналысып жүрген жастар 2 жылдың ішінде көптеген алаяқтық схемаларды әшкерелеп, алданып қалған 40 шақты адамның ақшасын қайтарып алуға көмектескен.