KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО-да тыл ардагері Юрий Новолоцкий мерейтойлық медальмен марапатталды (видео)

6.05.2025, 08:30 509 Төлеуғазы Жансая

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тыл еңбеккері Юрий Новолоцкийге мерейтойлық медаль табыстады. Марапаттау рәсімі Серебрянск қаласындағы әскери бөлімде өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Салтанатты шара 93678 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Бұл бөлім өз тарихын Екінші дүниежүзілік соғыстағы 316-гвардиялық миномет полкі ретінде бастаған. Жауынгерлер Курск түбіндегі шайқастарға, Днепр бойындағы ұрыстарға, Варшава мен Берлинді азат етуге қатысқан.

Соғыстан кейінгі кезеңде полк Германияда қызмет атқарып, кейін Шығыс Қазақстан облысына ауыстырылды. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына кірді.

— 93768 әскери бөлімінің тарихы – ерлік пен абыройдың, әскери антқа адалдықтың айқын көрінісі.  1992 жылдан бері полк мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттерді абыроймен орындап келеді. Бұл жерде офицерлер, келісімшарт бойынша қызмет етушілер, мерзімді әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер бір ұжымда еңбек етеді,- деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі тыл ардагері Юрий Новолоцкийге де құрмет көрсетті. Еңбек жолын бар болғаны алты жасында бастаған Юрий Иванович соғыс жылдарында «Вулкан» колхозындағы сүт-тауар фермасында жұмыс істеген. Алдымен малға қарап, кейін ұстаға көмекші болған.

— Соғыс кезінде шамамен екі жыл жұмыс істеп, кейін мектепке бардым. Жеңіс келгенде мен небәрі сегіз жаста едім. Қуанышымда шек болмады. Ал 1948 жылы, төртінші сыныпта оқып жүргенімде, алғаш рет еңбек медалін алдым, — деп еске алады тыл ардагері.

Іс-шара барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен ардагерлері де Алғыс хаттармен марапатталды.

Елизавета Седых

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Евгений Щетников

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу