KZ
Өскемен
-18°
ясно жел 2 м/с, СБ
502.47 525.83 5.68

Ұлттық ұлан: 5518 әскери бөліміне 30 жыл

Кеше, 14:00 278 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімі құрылғанына 30 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Әскери бөлімнің іргетасы 1995 жылдың 20 ақпанында қаланған. Бүгінде мыңнан астам ұландық қызмет ететін бұл бөлім қоғамдық тәртіпті қорғауда және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.

Мерейтойға орай әскери бөлім қаладағы Металлургтер мәдениет сарайында салтанатты шара ұйымдастырды. Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталып, қатысушылар көк туды құрметпен қарсы алды.

Мерекелік жиынға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев, Ұлттық ұлан ардагерлері, сондай-ақ өзара бірлесе әрекет ететін органдардың өкілдері қатысты. Шара барысында 5518 әскери бөлімінің тарихи жолы мен жетістіктері баяндалып, бөлімнің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды оқиғалар атап өтілді.

Салтанатты жиында әскери қызметкерлер мен ардагерлер құттықтау сөздерін арнап, мерейтой иелеріне жылы лебіздерін білдірді. 5518 әскери бөлімінің командирі, подполковник Елтай Рақымжанов жеке құрамды мерекемен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі:

– Бүгін – біз үшін ерекше күн. Біздің әскери қызметшілер өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Барша жеке құрамды мерейтоймен құттықтаймын. Еліміздің тыныштығын қорғаудағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, - деді подполковник.

Құттықтау сөзін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смид жалғап, 5518 әскери бөлімінің жеке құрамына ақжарма тілегін арнады. Сондай-ақ, генерал-майор Арман Жұмағалиев мінсіз қызмет етіп, жауынгерлік дайындықта ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен грамоталар табыстады. Сонымен қатар, бөлім ардагерлері мен қызметкерлері ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінде 5518 әскери бөлімінің жеке құрамы жауынгерлік дайындықтарын шыңдап, қоғамдық тәртіпті қырағылықпен күзетуде. Олар еліміздің жедел жағдайына байланысты түрлі арнайы тапсырмаларды орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып келеді.

Мерейтойлық кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушылар үшін ерекше әсер қалдырды.

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу