KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
509.94 593.88 6.43

Ұлан ауданында Қасым Қайсеновке арналған мурал ашылды

7.05.2025, 09:25 617 Рағызбаева Ақерке

Халық қаһарманы, жазушы, партизан Қасым Қайсеновтің ерлігі – ел есінде. Батыр тұлғаның бейнесі Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі жаңа муралда сомдалды. Бұл жұмыс – Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” атты шара аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов салтанатты жиында сөз сөйлеп, бұл бастаманың тарихи әрі тәрбиелік мәніне тоқталды.

– Облыс көлемінде батырларымыздың есімін ұлықтау мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Биыл Ұлан ауданында алты ескерткіш жаңартылып, Қасым Қайсеновке арналған жаңа мурал салынды. Бұл – өткенге құрмет пен жас ұрпаққа тағылым боларлық өнегенің көрінісі, – деді өңір басшысы.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу