Өскеменде найзағай күтіледі
“Қазгидромет” ШҚ филиалының хабарлауынша, 11 мамыр күні өңірдің солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сол күні найзағай ойнап, батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында да найзағай күтіледі. Жел бағыты – батыс және оңтүстік-батыс, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қауіпсіздік шаралары:
• Найзағай кезінде ашық алаңда жүгірмеңіз және дүрбелеңге салынбаңыз;
• Электр желілері мен биік ағаштарға жақындамаңыз;
• Металл қоршаулар, болат құбырлар, темір жолдар маңында тұрмаңыз;
• Ауылшаруашылық техникасы, мотоцикл және велосипед сияқты көліктерден аулақ болыңыз;
• Тоған жанында шомылмаңыз, қайықпен жүзбеңіз;
• Жел кезінде үйдің қабырғасында, аялдамада, билборд астында немесе ағаш түбінде жасырынбаңыз;
• Үзілген сымдар мен шатағалы тұрған белгілерден аулақ болыңыз;
• Көлігіңізді гаражға қойыңыз, егер гараж болмаса, оны ескі немесе шіріген ағаштардың жанына қалдырмаңыз.